Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы мектептердің бірінде бұрын сотты болған және психикасында ауытқуы бар адамдар жұмыс істеген

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының прокуратурасы білім беру ұйымдарындағы бірқатар құқық бұзушылықтарды анықтады. Мектепте бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған және психикасы бұзылған адамдар жұмыс істеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Облыстық прокуратоураның мәліметінше, аудандық мектепте бұрын қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталған мұғалім мен ек күзетші жұмыс істеді. Бұл еңбек кодексінің 26-бабы 2-тармағының 3-тармақшасының (Еңбек шартын жасауға және жұмысқа орналасуға салынатын тыйымдар және қойылатын шектеулер) талаптарына қайшы. 

Сондай-ақ мектепте психиатриялық ауытқуы бар "Д" есебінде тұрған бір адам (көмекші персонал) жұмыс істеген. 



Прокуратура шаралары бойынша аталған тұлғалар жұмыстан шығарылып, кінәлі лауазымды адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Заңнамада көзделген шектеулері бар педагогтің кәсіби қызметіне рұқсат бергені үшін мектеп басшысына әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабы 7-5-бөлігінің 5-тармағы бойынша (Білім беру заңнамасын бұзу) 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. 

Бұған дейін вице-министр Қазақстан мектептеріндегі жыныстық сауат туралы айтқан еді.

Талқылау