Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда жол үстінде жарылғыш зат тиелген жүк көлігінің жарылуына қатысты тергеу аяқталды

жарылыс

Фото мессенджерден

Шығыс Қазақстан облысында тас жолда жүк көлігінің жарылып кетуіне қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2024 жылдың қарашасында Өскемен-Самар тасжолында жүк көлігіндегі жарылыстан екі адам көз жұмған еді. Қазақстанда жарылыстың себебін анықтауға қабілетті сарапшы табылмағандықтан, шетелдік мамандарды тартуға тура келген. Бұл туралы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Әбілқайыров мәлім етті.

“Сараптама жүргізу үшін Мәскеуден арнайы мамандар келді. Сол комиссияның мәліметінше, қайғылы жағдай көлік шанағындағы жылытқыштың қосылғанынан болған. Бұл жылыту жүйесі сусымалы жүктер қыста қатып қалмас үшін қолданылған”, — дейді ол.

Нәтижесінде бұл жарылысқа әкеліп соқты. Себебі шанақ ішіндегі температура 300 градусқа дейін жетті. Ал жарылыс қаупі 290 градуста туындайды. Тергеу материалдары полицияға жіберілді.

Еске салайық, ШҚО-да жарылғыш зат тиелген жүк көлігі жарылып кеткені туралы хабарлаған едік. 

Төтенше жағдай сағат 15.00 шамасында облыс орталығынан 75 шақырым жерде болған. ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, "Вольво" жүк көлігі Самара облысында тау-кен жұмыстарын жүргізуге арналған жарылғыш заттарды тасымалдаған.

Назархан Уән
Сенбі, 03 Мамыр, 2025 08:34
Талқылау