AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда тауық бағасы көтеріліп, макарон өнімдері сатылымнан жоғалған

Өскеменде тауық өнімдерінің бағасы көтерілді. Ал салмағы бойынша қапталып ұсынылатын макарон өнімдері Шығыс Қазақстанда облыс орталығының сөрелерінен мүлде жоғалып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.

Дүкен сатушысы, видеодан кадр

Өскеменде барлық тауық өнімдері орташа есеппен 7 пайызға қымбаттады. Бұрын тауықтың жамбасын сатып алу құны 1200 теңгеден сәл ғана асатын болса, бүгіннен бастап 1400-ге жуықтады. Бұл туралы Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығы хабарлады. Сүт пен макарон өнімдерінің бағасы да өсті.

“Ең бастысы, жергілікті өндірушілер, біздің облыс шығаратын сүттің бағасы қымбаттады. Сонымен қатар макарон өнімдері қымбаттады, ең қызығы, қарапайым дүкендерде ғана сатылымнан жоғалып кеткен жоқ, сонымен қатар көтерме саудагерлерде де 19 әлеуметтік маңызы бар тауардың тізіміне енген салмағы бойынша сатуға қоймада макарон өнімдері жоқ. Қандай да бір себептермен олар қазір жоқ”, – деді Қазақстан сауда кәсіпорындары қауымдастығының өкілі Владимир Бердник. 

Дүкендер мен базарларды аралап, өлшеніп сатылатын макарон таппадық. Негізінен зейнеткерлер мен көп балалы отбасылар түтік кеспе (рожки) таңдайды екен. Сатушылардың сөзінше, қазір компаниялар макарон өнімдерін әкелмейтін көрінеді.

Сауда кәсіпорындарының қауымдастығы сатылымнан макарон өнімдері ғана емес, өлшеніп сатылатын дәнді дақылдар да жоғалып кететінін айтуда. Алайда мұның немен байланысты екенін ешкім түсіндіре алмады.

Ал қант тапшылығы жақын арада жойылады дейді Сауда кәсіпорындары қауымдастығы өкілі.

"Ертіс" "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ-мен жасалған меморандумға сәйкес, қаладағы үй маңындағы дүкендерде оның келісі 516 теңгеден сатылады. Қазір бағасы 1150 теңге.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр