AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда көзіне қалам кіріп кеткен баланың анасы мұғалімдердің уақытылы көмек көрсетпегеніне өкпелі

Шығыс Қазақстанда сыныптасының кесірінен көзіне қалам кірген Еркеғалидың көру қабілеті күннен күнге нашарлауда. Анасының айтуынша, мектепте ұстаздар болған оқиғадан соң балаға уақытылы көмек бермеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Зардап шеккен баланың ата-анасы үрейленіп отыр. Олар облыстық ауруханалардың табалдырығын тоздырған.

Еркеғалидың анасы баласына уақытылы көмек көрсетпеген ұстаздарға өкпесін айтты.

“Мұғалімдер балаға қарамаған. Ол досын өзіне қарату үшін қаламсабын лақтырған. Сыныптасы да оған жауап ретінде қаламын лақтырған кезде ол, оның көзіне дәл тиген. Бұл әдебиет сабағы кезінде болған. Ал баланың көзіндегі қанды тек дене шынықтыру сабағының мұғалімі басқа сабақ жүріп жатқанда байқаған. Қазір баламның көзіне үш ота жасалды. Біреуі осында, екеуі Алматыдағы микрохирургия бөлімінде. Бірақ нәтиже жоқ”,- деді Мадина Әкімбаева. 

Баланың анасының айтуынша, тұрғындар көмек көрсеткен. Бірақ анасы бұл көмекті қабылдамаған. 

“Ауданда мұғалімдерден мәжбүрлі түрде ақша жинапты. Маған кейбірі солай жеткізді. Олардың да бастарында несиелері бар, онсызда қиыналып жүрген заманда, бұл дұрыс емес қой. Маған солай жинап, 700 мың теңге әкеліп берді. Мен бұл көмектен бас тарттым”,- деп қосты Мадина

Облыстық білім басқармасы болса, бұл ойды жоққа шығарды. Басқарма қаржының қайырымдылық ретінде ерікті түрде жиналғанын айтты.



“Мектеп директорына және ұстаздарына тәртіптік сөгіс пен ескерту берілді. Мектеп дикректорының атына әкімшлік айыппұл салынып, барлық тексеру мен жауапқа тарту жұмыстары жүргізілді”,- деді облыстық білім беру орталығының тәрбие бөлімінің жетекшісі Әсем Нұскенова.

Балаға қазір дәрігерлер орталық көз қабатындағы жара диагнозын қойған. Оны емдеудің жолы қиындау болып отыр. Дәрігерлер қолдан келген шараны жасап баққан. Енді үміт сырттан келетін мамандардың біліктілігінде. Алайда мемлекет тарапынан берілетін квотаны күту үшін де біраз уақыт қажет. Ал баланың жағдайы күннен күнге нашарлауда.

“Мен қазір нақты нештеңе айта алмаймын. Біз қолымыздан келгенін жасап жатырмыз. Өзге елде болсын өз елімізде болсын оның қайта жүз пайызға емделіп шығатынына ешкім кепілдік беріп отырған жоқ”,- деді областың бас офтамологы Азамат Иманқұлов.

Еркеғали әскери адам болуды, спортпен айналысуды армандайды. Алайда дәрігерлердің айтуынша оған қатты күш түсіретін дене қимылдарын жасауға болмайды. Себебі ондай қимылдар екінші көзінің де қабілетін төмендетіп тастайды екен.

Баланың ата-анасы дәл қазір мейірімді жандардың көмегіне мұқтаж екендерін айтады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр