Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда газды арзан бағада сатқан компания мемлекетке 6 млрд теңге төлеуге міндеттелді

Шығыс Қазақстан облысының газ өндіруші кәсіпорны 2015 жылдан 2019 жылға дейін газды әлемдік нарықтық бағадан құнын төмендетіп сатқан және шетелге жөнелткен. Бас Прокурордың наразылығы бойынша жер қойнауын пайдаланушы бюджетке 6 млрд теңгеден астам ақша төлеуге міндетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ашық дереккөз

Фискалдық орган салық мөлшерін қайта есептеп, бюджетке қосымша төлеу туралы шешім шығарған. Алайда компания мұнымен келіспей, сотқа шағымданған.

"Бұл даудың нүктесін Жоғарғы Сот қойды және Бас Прокурордың наразылығы бойынша салықтар мен өсімпұлдарды қосымша есептеу негізді деп тапты", - делінген хабарламада.

Бас прокуратураның мәліметінше, жыл басынан бері прокурорлардың өтініші және наразылығымен азаматтық және әкімшілік істер бойынша 210 сот актісі жойылып, өзгертілді. 14,9 млрд теңге сомаға мемлекеттің мүддесі қорғалды.

Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық саладағы тексерістер мен талдаулардың нәтижесі бойынша мемлекетке тағы 16 млрд теңге өтелді.

Осылайша прокуратура органдары ел бюджетін 31 млрд теңгеге толықтырған. Бұған қоса мемлекетке заңсыз берілген және пайдаланылмаған 36 млрд теңгенің жер учаскелері қайтарылды.
 

Талқылау