Шығыс Қазақстанда биылғы жылы 920 тонна пішен өртенген
Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 920 тонна пішен өртенді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, шөп жинау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құтқарушылар фермерлерге түсіндіру жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда облыс бойынша барлығы 7 157 адам қамтылған.
"Егіндік алқабындағы техниканы тексеру кезінде өрт сөндіру құралдарының болуына және жұмысқа жарамдылығына назар аударылды. ТЖД қызметкерлері ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жерді жырту барысында қауіпсіздік талаптарын ұмытпауды ескертті. Жыртылатын жер автокөлік жолдары, елді мекендер мен орман алқаптары аумағынан 4 метрден кем емес қашықтықта болуы тиіс. Себебі кездейсоқ темекі тұқылынан немесе сіріңкеден өрт шығуы мүмкін", – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Егін жинауға қолданылатын ауыл шаруашылығы техникасы да өрт қауіпсіздігі ережесіне сәйкес болуы керек.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда биыл өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмауы салдарынан 920 тоннадан астам пішен өртенген.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
