Шығыс Қазақстан облыстарында жол жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр
Шығыс Қазақстанда аймақтардағы жол жөндеу жұмыстары қолға алынып, қызу жүргізіліп жатыр. Аудандардағы ауыл көшелеріне, көпірлерге, елді мекендерді байланыстыратын жолдарға асфальт төселуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жаз мезгілі дәстүр бойынша жол жөндеу жұмыстарының қызатын уақыты. Мәселен ағымдағы жылы Шығыс Қазақстан облысының Глубоковский ауданына жол құрылысына 1 214,7 млн теңге бөлінді, оның ішінде республикалық қордан – 590 млн теңге, облыстық бюджеттен – 62 млн теңге, аудандық бюджеттен – 562,7 млн.теңге. Мұнда қазірдің өзінде ауыл көшелеріне, көпірлерге, елді мекендерді байланыстыратын жолдарға асфальт төселуде.
Глубокое ауданында көлік инфрақұрылымы дамыған 178,6 км облыстық маңызы бар жолдар, 683 км елді мекеннің жолдары бар. Жергілікті әкімдіктің мәліметінше 2021 жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық жолдардың үлесі 86 пайызды құраған.
"Қазір ауданда жалпы ұзындығы 5,1 шақырымды құрайтын "Пидгорное-Верхнеберезовский" тас жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы 7,3 шақырым болатын Глубокое-Белоусовка тас жолының орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Келесі жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. "Ауыл-Ел бесігі" бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған Шығыс Қазақстан облысы Глубоковский ауданы Белоусовка ауылындағы Суворов көшесінің сызығындағы көпір құрылысының келісім-шарт сомасы – 122,0 миллион теңге. Өскемен-Риддер тас жолы жағынан кіреберістегі көпір құрылысы келісім-шарт сомасы 113 246,1 мың теңгені құрайды", - деді Глубоковский ауданы әкімінің орынбасары Елена Старенкова.
Сонымен қатар бірнеше ауылдың көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
“Ауылымызда жолдың ақыры жөнделетініне қуаныштымыз. Бұл мәселені тұрғындар аудан әкімімен кездескен сайын көтеріп отырды. Мердігер барлық жұмыстарды уақытында адал аяқтайды деп сенеміз”, – дейді Верхнеберезовский кентінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Дүйсенбай Үрімбаев.
Сонымен қатар облыстық маңызы бар жолдарды жазғы жөндеу жұмыстары аясында 6943 ш.м. метр ағымдағы жөндеу жоспарлануда.
Биыл облыста жолдарды жөндеу бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жұмыстарын дәлелденген мердігерлер жүргізеді деп, атқарылатын жұмыстардың сапасына үлкен мән беріледі деп үміттенеміз. Және барлық жұмыс уақытында аяқталады деп сенеміз– дейді Эльдар Ыдырышев.
Барлық жол жөндеу жұмыстарының уақтылы және сапалы аяқталуының нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 94,1% құрайтынын қосты әкімдік.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
