Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны өлдіге санаған ұлын 18 жылдан кейін тапты

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны қаза тапты деп ойлаған ұлын 18 жылдан кейін қайта тапты. Пробация қызметінде есепте тұрған ер адам тұрғылықты мекенжайын ауыстырмақ болыпты. Қызметкерлер деректер базасынан оның туыстарын іздеп, тектері бірдей тағы бір ер адамды тапқан. Анықталғандай, бұл оның әкесі болып шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

әкесі

Константин мен Игорь Гусевтер екі күн бұрын қайта қауышқан. Ұлының тірі екені туралы оған белгісіз адам телефон арқылы жеткізіпті. Бастапқыда нөмірмен қателескен шығар деп ойлапты. Себебі 18 жыл бұрын іс-сапардан оралғанда жақындары оған әйелінің кетіп қалғанын, ал 12 жастағы ұлы мерт болғанын айтқан. 

"Иә, іздеп табуға тырыстым, бірақ қаза тапқанын айтты. Бастапқыда сенбедім. Кездесіп, қазір үйге алып келдім. Оны бірден таныдым. Әрине, ержеткен", - деді әскесі Игорь Гусев. 

Константиннің анасы расымен кетіп қалған екен, ал 12 жастағы ұлын балалар үйіне өткізген. Мектепті аяқтап, жиһазшы дипломын алған. 2 жылға шартты түрде сотталған да екен. Қазір Константин барлығы артта қалғанын айтады. 

"Қатты қуандым. Жұмыс істеп, пәтер алуды жоспарлап отырмын. Жетімдер үйінің түлегі ретінде үйге кезекте тұрмын", - деді Константин Гусев. 

Игорь Гусевтің жеке үйі мен шаруашылығы бар. Жергілікті әкімдікте жұмыс істейді. Ұлына жұмысқа орналасуға көмектесетінін айтады. Оның үстіне жиһазшы таптырмас мамандық иесі дейді. Алайда Константин әлі де пробация қызметінде есепте тұрады. 

"Константин қазір Глубокий ауданында әкесімен тұрады. Әкесі есепке тұрғызатынын айтты. Әрі қарай есептен шығарып, тұрғылықты мекенжайы бойынша Глубокий ауданына бағыттап, пробация қызметінде есепке алынады", - деді ШҚО Ұлан ауданы пробация қызметінің басшысы Жанболат Кеңесханов. 

Назархан Уән
Сейсенбі, 15 Наурыз, 2022 09:02
Талқылау