AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да тұрғындар жолдың нашарлығына байланысты науқастарды трактормен тасымалдауға мәжбүр

Шығыс Қазақстан облысы Полянское ауылының тұрғындары жол болмағандықтан, науқастарды трактормен тасымалдауға мәжбүр. Себебі мұнда жол жөндеу жұмыстары үш жылдан бері тоқтап тұр екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап. 

жол

Өскемен-Алтай-Катон-Қарағай-Рахман қайнары республикалық маңызы бар тас жолының құрылысы үш жылдан бері тоқтап тұр. Ауыл тұрғындарының соңғы үміті партия мүшелерінде. Олар AMANAT-тың мобильді қабылдауына кезекке тұрған. 

"Бізді естісе екен, мәселемізді шешіп берсе екен деймін. Сонымен қатар AMANAT партиясының өкілдеріне алғыс айтамын, оң жауап аламыз деген үміттеміз", - деді Полянское ауылының тұрғыны Ольга Логвинова. 

Жергілікті тұрғындар тас жолдың құрылысы аяқталса, бірден екі аудан – Алтай мен Катон-Қарағайдың дамитынын алға тартады. 2019 жылдан бері министрлік жобаға бірнеше рет өзгеріс енгізген. Мәселен, бастапқыда жол құрылысы 16 миллиард теңгеге бағаланған. 

"Ең бастысы партиямыздың мобильді қабылдауы келіп, бұл мәселенің ушығып тұрғанын өз көздерімен көрді. Бұл біз үшін өте маңызды. Түйіннің тез шешілуіне де әсер етері сөзсіз", - деді Алтай аудандық мәслихатының хатшысы Лариса Гречушникова. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр