Шығыс Қазақстан облысының сегіз ауылында адамдар байланыссыз, интернетсіз күн кешуде
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы сегіз ауылдың тұрғындары ұялы байланыссыз және интернетсіз өмір сүруге мәжбүр. Туристік аймағымен танымал шекаралық Барлық-Арасан ауылының тұрғындары қоңырау шалу немесе электрондық хат жіберу үшін тауға шығуға мәжбүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.
Барлық-Арасан ауылының тұрғындары интернетті былай қойғанда ұялы байланысқа қол жеткізу үшін тауға шығуға мәжбүр.
Ауыл тұрғыны Бақытгүл Қуанышбаева фельдшер болып жұмыс істейді. Ауылда интернеттің жоқтығы әйелді үнемі есеп беру міндетінен босатпайды. Желі іздеген Бақытгүл аяғы ауырса да барынша биікке көтерілуге мәжбүр.
“Бұл біздің – ең өзекті мәселеміз. Қазіргі уақытта интернет бізге өте қажет. Жұмыс күнделікті есеп беруді қажет ететіндіктен тағы да төбеге шығуға тура келеді”,- деді ауыл тұрғыны Бақытгүл Қуанышбаева.
“Күнделікті толтыру үшін тауға шығамыз. Кейде ұзақ уақыт бойы желіні ұстай алмаймыз, байланыс жоқ. Әрине мұның бәрі ыңғайсыз, әсіресе жедел жәрдем шақыру керек кезінде қиын”,- деді тағы бір ауыл тұрғыны Беделхан Кармаш.
Шағын ғана мектепте олар интернетті орнатуға әрекеттенген. Бірақ орнатылған модем жұмыс істемейді. Белгілі болғандай ауданның тағы 8 ауылы интернетсіз өмір сүруде.
“Осы ауылдардың сегізі жобадан тыс. Себебі тұрғындар саны 250-ден аспайды. Бұл мәселе біз үшін өзекті. Қазір біз ұялы байланыс операторларымен және Цифрлық даму министрлігімен бірлесе отырып, осы мәселемен айналысып жатырмыз. Кейбір жерлерге антенналық-масталық құрылымдарды, кей жерлерге оптикалық желілерді тарту қажет. Осының барлығы қазір қарастырылуда”,- деді Үржар ауданы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің бас маманы Жәнібек Қамызбаев.
Табиғат аймағымен танымал шекаралық Барлық-Арасан ауылына жыл сайын 7 мыңға дейін турист келеді. Мұнда адамдар заманауи өркениеттен демалу үшін келеді. Ұялы байланыс операторының "Welcome to China" деген достық хабарламасы ғана туристерді кейде шатастырып жатады.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
