Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше елдімекенде 3 балдық жер сілкінісі сезілді

"Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 15 ақпан күні Астана уақытымен 06:52-де жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: istockphoto.com

Зілзаланың эпицентрі Ресей Федерациясы аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1225 км қашықтықта орналасқан.

Шығыс Қазақстан облысы аумағында есептелген жер сілкінісінің қарқыны:

  • Қатонқарағай ауылы – 3 балл;
  • Марқакөл ауылы – 3 балл;
  • Үлкен-Нарын ауылы – 3 балл;
  • Алтай қаласы – 3 балл;
  • Буран ауылы – 3 балл;
  • Риддер қаласы – 2 балл;
  • Зайсан қаласы – 3 балл;
  • Күршім ауылы – 3 балл;
  • Самар ауылы – 3 балл.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.

"Қазселқорғау" мамандары өзен арналары, гидротехникалық құрылыстар, көшкін қаупі бар және сел жүруі мүмкін аймақтарды, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарды мүмкін болатын зақымдануларға тексеру мақсатында мониторинг жүргізді.

Тексеру кезінде ешқандай зақымдану анықталған жоқ, барлық нысандар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Жағдай тұрақты.



Еске салайық, 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Астана уақытымен 00 сағат 09 мин 02 секундта алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жер асты дүмпуінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, 264 шақырым жерде тіркелді. Магнитудасы – 6,7 балл. Бұдан соң тұрғындар қалада тағы да бірнеше жер сілкінісі сезілгенін хабарлады.

Талқылау