Шығыс Қазақстан облысында жұмыртқамен бірдей бұршақ жауды

Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма өзенінің жағасындағы "Кэмонт" демалыс аймағында көлемі жұмыртқамен бірдей бұршақ жауған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үлкен бұршақтар өзенге түскен сәтті тұрғындар видеоға түсіріп алып, желіге жариялаған. Кадрлардан өзенге бар күшімен түсіп жатқан бұршақтарды байқауға болады. Видео авторы жұмыртқамен бірдей бұршақты қолына ұстап көрсетеді.
Пікір жазушылар дәл осындай бұршақ бір күн бұрын Риддер қаласында жауғанын жазған. Олар табиғат құбылысына таңданысын білдірді.
"Кэмонт" демалыс базасы Бұқтырма су қоймасының жағасында, Жаңа Бұқтырма ауылына жақын маңда орналасқан.
Айта кетейік, бұған дейін Астана әуежайында ұшақтардың бұршақпен зақымдануына байланысты 15 рейс кешіктіріліп жатқаны туралы жазған едік.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі