Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында жөнделген жолдағы олқылықтарды жою үшін миллиард теңге жұмсалды

Шығыс Қазақстан облысында жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының облыстық филиалы тек биылдың өзінде 426 заңбұзушылық анықтаған. Олардың арасында асфальт қалыңдығының аздығы, жол жабынының тығыздық коэффициентіне сәйкес келмеуі, материалдың сапасыз болуы бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі YK.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

жол жөндеу

Мамандар мердігерлерді соңғы төрт жылда жол жөндеуге жіберілген заңбұзушылықтарды жоюға міндеттеген. Бұған 1 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалыпты. 

"2023 жылдың басынан бері ұлттық орталықтың Шығыс Қазақстан филиалы 464 тексеріс жүргізіп, нәтижесінде 426 заңбұзушылықты анықтады. Бұл қаржының үштен бірінен астамы "Алматы – Өскемен", "Омск – Майқапшағай" секілді құрылысы ұзаққа созылған тас жолдарда пайдаланылды. Тексерушілер 87 рет барып, 67 заңбұзушылықты белгіледі. Оның үстіне қос нысан 4 жылдан бері салынып жатыр, ал былтыр пайдалануға берілу керек еді", – делінген жазбада.


Көлік апатына жолдың нашарлығы себеп болса не істеу керек – Мемлекет шығынын өтей ме?


Еске салайық, бұған дейін көлік министрі Марат Қарабаев еліміздегі жол сапасы нашар аймақтарды атаған еді. 

"Жол деңгейі алдыңғы қатарлы өңірлер мен жалпы аутсайдерлерге тоқталсақ. Бұл әдістеме бойынша жолдардың жағдайы жақсы және қанағаттанарлық деп танылды. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысы, Атырау, Ақтөбенің жолдары жолы нашар өңірге кірді. Ашығын айтқанда ең жолы нашар өңір Батыс Қазақстан облысы", – деді Қарабаев.

Талқылау