AAPL
145.64 $
0.46 %
TSLA
677.35 $
4.69 %
NDAQ
186.68 $
0.62 %
GOOGL
2715.55 $
-0.23 %
FB
358.32 $
-4.01 %
FRHC
63.26 $
0.11 %
AAPL
145.64 $
0.46 %
TSLA
677.35 $
4.69 %
NDAQ
186.68 $
0.62 %
GOOGL
2715.55 $
-0.23 %
FB
358.32 $
-4.01 %
FRHC
63.26 $
0.11 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында карантин ұзартылды

Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Қанат Тұрдиев жаңа карантиндік қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Шығыс Қазақстан облысының барлық аумағында 2021 жылғы 6 маусымнан бастап 19 маусымға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін", – делінген құжатта.

Құжатқа сәйкес, балаларға арналған арнайы және мамандандырылған ұйымдардың, білім беру қажеттіліктері ерекше балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі және дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың, сәбилер үйінің, балалар үйінің, жартылай стационарлық үлгідегі арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін балалар орталықтарының, сондай-ақ белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды қайта әлеуметтендіру және бейімдеу орталықтарының қызметіне рұқсат етілген.

Қаулы 2021 жылғы 6 маусымнан бастап күшіне енеді.

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр