Шығыс Қазақстан облысында карантин тағы ұзартылды
Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері аймақтағы карантинді ұзартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Шешімді қабылдауға соңғы күндері вирус жұқтырғандар санының көбеюі себеп болды.
Карантин 2021 жылғы 16 мамырдан 30 мамырға дейін ұзартылды.
Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
Қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.
Қаулы мәтінімен толық мына жерде танысуға болады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”