Шығыс Қазақстан облысында ер адам екі адамды өлтіріп, сосын өзін-өзі атып тастады
Шығыс Қазақстан облысында ер адам екі адамға оқ жаудырып, кейін өзін-өзі атып өлтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 21 желтоқсанда Курчатовта болды.
Полицияның хабарлауынша, көп қабатты үйдің пәтерлерінің бірінен оқ жарақатын алған үш ер адамның денесі табылды.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, кінәлі адам (қаза болғандардың бірі) қылмыс жасағаннан кейін өзін-өзі өлтірді. Қаза болған ер адамдардың жеке басы анықталды, марқұмдардың барлығы Курчатов қаласының тұрғындары", - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлігі - "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сондай-ақ, полиция қала көшелерінде адам өлтіріп кетті деп әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайтынын атап өтті.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”