Шығыс Қазақстан облысында блок-бекеттер орнатылды
Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігерінің ерекше шарттармен шектеу шараларын ұзарту туралы жаңа қаулысы күшіне енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шектеу шаралары 2021 жылғы 25 қаңтардан 7 ақпанға дейін ұзартылды.
Құжатқа сәйкес, облыста санитарлық блок-бекеттер қайта орнатылды. Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына Павлодар облысы жағынан екі бақылау бекеті орнатылды.
"Ауыл", "Уба", 1Бақты", "Майқапшағай" өткізу пункттерінде (Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандары бойынша 1 бірліктен) 4 санитариялық бекет пайда болды.
"Жұқпалы ауруларға, оның ішінде COVID-19-ға күдікті адамдар анықталған кезде (тыныс алу белгілерінің болуы (жөтел, температура (респонденттің айтуы бойынша), ентігу) 103 телефоны бойынша жедел жәрдем шақыру қажет", - делінген қаулыда.
Талқылау