Шығыс Қазақстан облысында адамдардың қозғалысына шектеу енгізілді
Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа қаулыға сәйкес, CОVІD-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылық деңгейі жоғары өңірлерде: Өскеменде, Семейде және Аягөз ауданында 2021 жылғы 23 сәуірден бастап 03 мамырға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен қатаң шектеу шаралары ұзартылады.
"Өскемен, Семей қалаларының және Аягөз ауданының аумағындағы шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері эпидемиологиялық ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін", - делінген құжатта.
Сонымен қатар облыста қозғалысқа шектеулер енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіруді/шығуды бақылау үшін Алматы облысы тарапынан 2 санитариялық бекет, Қарағанды облысы тарапынан 1 санитариялық бекет, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдарына "Ауыл", "Уба", "Бақты", "Майқапшағай" өткізу пункттерінде 4 санитариялық бекет және Аягөз ауданында 2 санитариялық бекет қойылады.
Ерекше жағдайларда, осы қаулыда көрсетілген санаттарды қоспағанда, жекелеген санаттағы адамдарға санитариялық бекеттер арқылы шығуға және келуге рұқсат ауданның/қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша берілуі мүмкін.
Тәуекелі жоғары аймақтан («қызыл» аймақтан), оның ішінде осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген адамдарда санитариялық бекеттерді кесіп өткен кезде COVID-19 коронавирустық инфекциясына ПТР-тестінің теріс нәтижесі туралы нәтиже берілген күннен бастап кіру сәтінде үш тәуліктен (72 сағаттан) аспайтын анықтаманың болуы міндетті.
Еріп жүрушілердің анықтамасы болған кезде 5 жасқа дейінгі балалар үшін анықтама ұсынылмайды.
Қаулы 2021 жылғы 23 сәуірден бастап күшіне енеді.
Құжаттың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
