AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс дәуірі: Елордада қазақ, өзбек және түрікмен халқының ұлттық құндылығы қойылған ерекше көрме ашылды 

Нұр-Сұлтан қаласында "ForteBank" АҚ қолдауымен және "Kulanshi" заманауи өнер орталығының ұйымдастыруымен заманауи өнер көрмесі ашылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Шығыс дәуірі" деген атау алған көрменің аясы әмбебап. Себебі көрмеде бейнелеу өнері, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер және дизайн өнерінің жарқын тұстары орын алған. 

"Бүгін "ForteBank Kulanshi Art space" галереясында жаңа көрме ашылды. Көрмеге Өзбекстан суретшілерінің туындылары мен Түрікменстанның кілемдері қойылған. Кілем – түрікмендердің ұлттық құндылығы, олардың кілемі әлемге әйгілі. Сонымен қатар көрмеге қазақстандық жас дизайнерлердің еңбектері қойылған. Жалпы ForteBank осыған ұқсас басқа да мәдени және спорттық шараларға тұрақты қолдау көрсетуде. Себебі біз аталған салалардың дамуына өз үлесімізді қосқымыз келеді. Осымен қатарынан 6-шы жыл біздің банк елімізге танымал өнертанушы Лейла Махатпен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. "ForteBank Kulanshi Art space" галереясында осыған дейін бірнеше мәдени шара өтіп, талай суретшілердің көрмесі ашылды. Өнерге қызығушылық танытушылардың саны жыл санап артып келеді", –  деді "ForteBank" АҚ-ның қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Еркін Үдербай көрменің ашылу салтанатында. 

Ұйымдастырушалырдың сөзіне сүйенсек, сонымен қатар аталған көрмеге "Global Nomads Fashion Awards" жас дизайнерлер ашық байқауы жеңімпаздарының киімдері қойылған. 

"Бүгінгі көрмеге қойылған дүниелер жай ғана картина, киім немесе кілем ғана емес. Бұл жерде нағыз шығыс әлемінің заттары қойылған. Біз көрме арқылы шығыс ертегісін ұсынғымыз келді, тек заманауи кейіпте. Көрмеге 26 өзбек суретшісінің 56 туындысы қойылған. Яғни көрмедегі картиналар арқылы соңғы екі ғасырдағы өзбек халқының сурет өнерімен танысуға болады. Себебі кейбір суреттің авторы ХХ ғасырдың басында дүниеге келген", –  дейді "Kulanshi" заманауи өнер орталығы кураторлық кеңесінің төрағасы, доктор Лейла Махат. 

Көрме Нұр-Сұлтан қаласы Достық көшесі 8/1 мекенжайындағы "ForteBank Kulanshi Art space" галереясында ашылды. 

Айта кетейік, көрмеге қойылған туындыларды елорда тұрғындары мен қонақтары 18 мамырға дейін тегін тамашалай алады. Сонымен қатар сатып алуына да болады. 
"Шығыс дәуірі" атты көрменің ашылу салтанатына Өзбекстан, Әзербайжан және Нидерланды корольдігінің елшілерімен қатар басқа да құрметті қонақтар қатысты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр