"Шығынға баттық": Қазақ-қырғыз шекарасында бірнеше шақырымдық көлік кептелісі пайда болды
Қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктерінің кептелісі бірнеше шақырымға жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Оған себеп – төрт бірдей бақылау-өткізу пунктінде кешеден бері салық төлейтін автоманттандырылған ақпараттық жүйе істен шыққан.
"Шығынға баттық" деп шырылдаған тасымалдаушылар дереу мәселені шешуді талап етуде. Жалпы, айырқалпақ көршімізбен арада "Ақ-тілек ", "Чон-капка", "Чалдыбар", "Ақ-Жол" бақылау-өткізу пункті бар. Қазір барлығында иін тірескен қалың көлік нөпірін байқауға болады.
Жүргізушілер ұзын-сонар кезектегі көлікті видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялауда. Қырғыз тарапы жүк тасымалдаушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді