Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шие пайдасы: неліктен шие жастықтың жидегі болып саналады

Шие - бұл дәмді әрі пайдалы жидек, ал шілде айы - шие маусымының ең қызған шағы. Сондықтан, қазір шиені барынша пайдаға жарату керек.

Шие - бұл күшті антиоксидант. Сонымен қатар, оның құрамында көптеген пайдалы заттар бар, ол ұйқысыздық пен буын ауруларына көмектеседі. Бір шыныаяқ шие құрамында 90 килокалория, яғни жеткілікті мөлшерде жасұнық, А және С дәрумені бар.

Шиенің шығу тарихы

Шие мыңдаған жылдар бойы өсіріліп, қолданылып келді. Ол Ежелгі Римде, Грецияда және Қытайда бұрыннан бері дастарханға қойылған. Шие алғаш рет Персияда пайда болып, құстар арқылы Еуропаға жеткізілді деп саналады.

Шие туралы қызықты деректер

Бір қызығы, шие 15-30 жыл өмірінің 3-4 жылында ғана жеміс береді екен. Бір маусымда ағаштан 70 келіге дейін жидек алуға болады.

Шиеден уланып қалу әбден мүмкін, бірақ жидектің өзінен емес, сүйегінен. Әсіресе, шиені сүйегімен жұтып қоятын жас балаларға бермеген абзал.

Шие сүйегінің құрамында адам ағзасында көгерткіш қышқылына айналатын амигдалин бар. Ересектер бір демде 1-2 шие сүйегін қорықпай жей алады.



Шие маусымы - мамыр-шілде аралығы. Осы уақыт ішінде сіз оны тұтынып қана қоймай, мұздатқышқа салып, жыл бойына шие сақтап үлгеруіңіз керек.

Егер бұл сізге қажет екеніне күмәніңіз әлі де бар болса, онда шиенің пайдалы қасиеттері туралы оқи отырыңыз.

1. Артық майдан арылуға көмектеседі.

Зерттеушілер жоғары калориялы диета ұстанған, ауыз қуыратын шие ұнтағын жеген егеуқұйрықтар, шие жемеген егеуқұйрықтарға қарағанда әлдеқайда аз салмақ қосқандығын анықтаған.

2. Қартаюды баяулатады.

Шие басқа жемістерге қарағанда антиоксиданттарға бай. Антиоксиданттар теріні қартайтатын еркін радикалдармен ағзаға күресуге көмектеседі.

3. Бұлшықет ауруы азаяды.

Зерттеушілер жарты кесе шие немесе бір стақан шие шырыны бұлшықеттің қабынуын азайтады деп сендіреді.

4. Қант диабетінен қорғайды.

Шиенің гликемиялық индексі 22-ге тең. Бұл сары өрік (57), жүзім (46), шабдалы (42), көкжидек (40) немесе қара өрік (39) көрсеткіштерінен әлдеқайда төмен. Сондықтан, шие, әсіресе, қант диабетімен ауыратындар үшін жеміс-жидектердің ішінде ең жақсы таңдау болып табылады.

5. Дұрыс ұйықтауға көмектеседі.

Шие - мелатониннің, яғни адамның ішкі сағатын басқаратын ұйқы гормонының жалғыз табиғи көзі. Сондықтан, шие шырынын оянғаннан жарты сағаттан кейін және кешкі асқа 30 минут қалғанда ішу керек. Осылайша, мелатонин гормонының өндірісі арта түседі.

6. Альцгеймерге шалдыққан егде жандарға көмектеседі.

Альцгеймер Қауымдастығы есте сақтау қабілетін жақсартатын тағамдар тізіміне шиені қосты. Мұның себебі - шие құрамында антиоксиданттардың көп мөлшерде болуы.

7. Инсульт қаупін азайтады.

Шие бәліші жүрек-тамыр жүйесін нығайтуға септігін тигізеді. Антоциандар - бұл шиеге қызыл түс беретін, PPAR рецепторларын белсендіретін, глюкоза алмасуына қатысатын гендерді реттейтін пигменттер. Осылайша, холестерин деңгейі, қан қысымы және қант диабеті төмендейді.

8. Подагра қаупін азайтады.

Шиені тұтыну подагра шабуылының қаупін 35%-ға төмендетеді - бұл тұжырымды Бостон университетінің профессоры Юйцин Чжан 633 науқасты тексергеннен кейін жасады.

9. Шие жүрекке пайдалы.

Шие құрамында калий көп, ол жүрек соғу жиілігін және қан қысымын реттеуге көмектеседі, сонымен қатар гипертония қаупін азайтады. Шиедегі фитостеролдар холестерин деңгейін төмендетуге көмектеседі.

10. Аспирин дәрісін алмастырады.

Ғалымдар шие құрамында аспириндегіге ұқсас қабынуға қарсы заттар бар екенін анықтады. Бір дәріні 20 жидек жанама әсерлерінсіз алмастыра алады.

11. Буындар қабынғанда көмектеседі.

Шие шырынын 3 апта бойы күніне екі рет қабылдағаннан кейін ісінген буындардағы ауырсыну айтарлықтай азаяды.

12. Қатерлі ісікке шалдығу қаупін азайтады.

Шие құрамындағы заттар майлы тағамдарды дайындауда канцерогендік химиялық заттардың түзілуін азайтуға көмектеседі.

13. Қояншық ауруына ем болады.

Қояншық ауруына емдік дәрі болмаған кезде, дәрігерлер науқастарға жазда шие жидектерін жеп, ал қыста шие жапырақтарынан қайнатпа ішуге кеңес берген. Бұл ұстамалардың саны мен қарқындылығын төмендетеді.

14. Жүкті әйелдер үшін.

Ежелгі бір нанымға сүйенсек жүктілік кезінде шие жеген әйелдер сау балаларды дүниеге әкеліп отырған. Бұны шие құрамында қаназдықтың алдын-алуға қажет көп мөлшерде темір болғандығымен байланыстыруға болады.

Жүрекке жағымды әсер етіп, артық салмақтан қорғауы әрі қартаюды баяулатуы шие сүйетіндердің жас көрінуіне ықпал етеді.

Сол себепті, шие маусымын жіберіп алмаңыз!

Талқылау