Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шие дәнегін жеп қойған ер адам өмірімен қош айтыса жаздады

Британдық азамат Мэтью Крэм шие дәнегін жеймін деп өмірімен қош айтыса жаздады.

1501293936_photo_221898

Бұл туралы ағылшын басылымы The Independent хабарлады.

Басылымның мәліметіне сүйенсек, Мэтью жеміс дәнегін жеп көріп, оның дәмін бадам жаңғағына ұқсатқан. Өкінішке қарай, ол дәнектің құрамында көгерткіш қышқылдың барын білмеген.

Аталған зат өсімдікті зиянкестерден қорғайтын табиғи жәндікжойғы болып саналады. Оны аз мөлшерде тұтынса, адамға еш зияны жоқ. Алайда өрік, шабдалы, алхоры, шие немесе қызыл шиенің дәнегін әдейі шайнаған жағдайда адамның уланып қалу қаупі туады.

Бір қызығы, Еуропа мемлекеттерінде жеміс салынған қорап сыртында оның дәнегінің қауіптілігі туралы жазылады. Ал Мэтью оған зер салмаған. Ол үш бірдей шие дәнегін жеп қойып, артынша өзін нашар сезінген. Оның дене қызуы көтеріліп, жүрегі айныған. Ал кейіннен дәрігерлер оның дәнектен уланып қалғанын анықтаған.

Ақ халаттылар Мэтьюдің өмірін әрең сақтап қалғандарын жеткізді.

Жіберіп алмаңыз:

АҚШ-та жолдан өту барысында телефон қолданған жандарға айыппұл салынады

Швейцарияда әлемдегі ең ұзын аспалы көпір пайдалануға берілді

Анджелина Джолидің бет жүйкесі сал болып қала жаздады

Қырымда “бөгдепланеталық сәбидің” сүйегі табылды

Талқылау