Щучинскте базардан өрт шығып, бір адам қаза тапты (видео)
18 мамыр күні түнде Щучинскте базардан өрт шықты. Жалынды 97 өрт сөндіруші өшірген. Өрт салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өрт таңғы 04:50 шамасында "Жомарт" базарындағы жеке ғимараттан басталған.
"Жалын 1 700 шаршы метрді шарпыды. Ғимараттың жалпы ауданы – 3 000 шаршы метр. Өрт сөндірушілер отты 45 минутта ауыздықтап, таралып кетуіне жол бермеді. Екі сағаттан кейін өрт толық сөндірілді", - делінген Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Өрт сөндіру барысында ер адамның мәйіті табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол күзетші болып жұмыс істеуі мүмкін.
Қазір өрт орнында сынақ-өрт техникалық қызметі мен полицейлер жұмыс істеп жатыр.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан