Щучинск қаласында әскери колледждің студенті жарақат алды
ҚР Қорғаныс министрілігінің Әскери колледжінің курсанты жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл оқиғаны Қорғаныс министрлігі растады, бірақ оқиғаның анық-қанығын айтпады.
Қорғаныс министрлігінің әскери колледжі Ақмола облысының Щучинск қаласында орналасқан.
“Биылғы жылдың 31 шілдесінде ҚР ҚМ Әскери колледжінде тәуліктік нарядтағы кадет жарақат алды. Әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға арнайы комиссия жіберілді”, – делінген ақпаратта.
- Түсініксіз жағдайда қайтыс болған ҰҚК офицерінің артында үш баласы мен жүкті әйелі қалды
- "Ішіңе жын кіріп кетті деп айт": Маңғыстаулық сарбаз туған күнін тойлағаны үшін соққыға жығылған
ҚР Қылмыстық іс жөніндегі кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайтыны айтылды.
Бір күн бұрын Степногорск пен Ақтауда Ұлттық ұланның екі әскери қызметкерінің қаза тапқаны белгілі болған еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”