Шетелге кетіп қалған қазақстандық бизнесмен елге оралатын болды
Құқық қорғау органдары жауапқа ала бастағандықтан Қазақстаннан кетіп қалған бизнесмен Марғұлан Сейсембай елге қайта оралатын болды. Қазақстан билігі кәсіпкердің және туыстарының қауіпсіздігіне кепілдік берген. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.
“Достар, мен Қазақстанға оралып жатырмын! Мен қазiр Мәскеудемiн. Менiң және менiң отбасымның қауіпсiздiгiне ең жоғары дәрежеде кепiл берiлдi! Өмiр жалғасуда, бiз бiрге әлi талай-талай жақсы жұмыстарды жасаймыз! Менiң жағдайымды түсiнiп, ақыл кеменгерлiктi көрсеткен “жоғарыдағы” кiсiлерге (аттарын атамай-ақ қояйын) рақмет айтқым келедi! Маған барлық көмектерiн аямай қызмет көрсеткен барлық адамдарға рақмет! Менiң барлық достарыма, жазылушыларыма бей жәй еместiк үшiн, қамқор мен ниет үшiн көптен көп рақмет! Қазақстан мен менi сүйемiн! Қазақстанда көрiскенше!”, – деп жазды ол.
Айта кетейік, ол қаңтардың 10 күні құқық қорғау органдары жауапқа ала бастағандықтан елден кетіп қалғанын жазған еді. Жазбасында отбасы мен өзінің қауіпсіздігіне кепілдік болса Қазақстанға қайта оралатынын жазған болатын.
Еске сала кетейік, Марғұлан Сейсембайды Қазақстанда жүргенде КМобайл мен Бител компанияларындағы бұрынғы серіктесі Ескендір Ерімбетовтің ісі бойынша жауапқа шақыра бастаған.
Ал, Ерімбетов 2017 жылдың 11 қарашасында ақша боспалау айыбымен тұтқындалған еді.
Сонымен қатар, кәсіпкерді Мұхтар Әблиязовта заңгер болып істеген әкпесі Бота Жәрдемәлі үшін тұтқындауы мүмкін болған еді.
Тағы оқыңыз:
Бурабай курорты шетелдік инвесторларға берілуі мүмкін
Қазақстанда бензин бағасы тағы да қымбаттады
Елімізде әйелдер уақытылы зейнетке шыға алмайтын болды
2018 жылы зейнеткерлердің БЖЗҚ-дан алатын ең төменгі зейнетақысы қанша болмақ