"Лифтті сындырып, камераны бүлдірген": Астанада екі ер адамның ерсі әрекеті камераға түсіп қалды (видео)

Фото: Видеодан скрин
Әлеуметтік желіде екі ер адамның лифтте құшақтасып, сүйіскен видеосы тарады. Олар өздерінің бұл әрекеттері видеоға түсіп қалғанын көріп жедел сатыдағы камераны жұлып алып, лифтті зақымдаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желілерді бақылау кезінде полиция қызметкерлері екі ер адамның лифт есіктерін зақымдап, кейін бір-бірін құшақтап, сүйіп жатқан видеосын байқап қалған. Видео соңында олардың бірі бейнебақылау камерасын жұлып алған. Полиция олардың жеке басын анықтады.
“Болған жағдайға қатысты құқықбұзушылар анықталды. Олар бірге спирттік ішімдік ішіп, осындай құқықбұзушылыққа барған", – деп хабарлады елорда полиция департаменті.
Олардың үстінен ұсақ бұзақылық және мүлікті қасақана бүлдіру баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен олардың біріне айыппұл салынып, екіншісі жиырма тәулікке қамауға алынды.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады