Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелдіктерге тұрмысқа шығуды армандаған қазақстандықтар 19 миллион теңгеден айрылды

2 ай ішінде Нұр-Сұлтан қалалық полициясына интернет-алаяқтық фактісі бойынша әйелдерден 2 өтініш келіп түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Экстрасенс Бақыт Жұматова: Қазақстанда 2025 жылға қарай 50-60 жастағы ер азаматтар жаппай үйлене бастайды

Нұр-Сұлтан қаласы ІІД баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес зардап шеккендердің сөзінше, олар Facebook, Mail.ru әлеуметтік желілерінде басқа республиканың азаматтарымен танысып, бірнеше ай бойы олармен романтикалық хат алмасқан. Алаяқтар сенімге кіріп, өздерінің төлқұжаттарының көшірмелерін жіберген және бітімгершілік миссиямен жұмыс істеп, қыздармен аудио немесе видео арқылы байланыса алмаған. 

Хат алмасу кезінде ер адамдар Қазақстанға келіп, өздерін басқа елге тұрақты тұруға алып кетеді деп сенген аңғал қыздар оларға үлкен көлемде ақша аударған. 

"Үйленуді ұсынған алаяқтар қыздардан мемлекеттік алымды төлеу, төлқұжатты жаңарту, виза рәсімдеу және т.б. мәселелерді шешуге қажетті ақшаны жіберуді сұраған. Ер адамдардың жақсы ниетіне сеніп, зардап шеккендер халықаралық аударымдар арқылы ақша жіберді. Әдеттегідей, ақшалай қаражатты алғаннан кейін күдікті адамдар желіден кетіп, одан әрі байланысқа шықпады. Шығын сомасы бір жағдайда 13 млн теңгені, ал екіншісінде 6 млн теңгені құрады", - деді Нұр-Сұлтан қаласы ІІД баспасөз қызметінде.

Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр