Шетелдіктерден сатып ала алмаймыз: Асқар Мамин экономиканы дамытатын қаулыға қол қойды

Асқар Мамин экономиканы дамытатын қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мамин экономиканы дамытатын құжатқа қол қойды

Премьер-министр Асқар Мамин "Ұлттық режимнен босатуды қалыптастыру" туралы шетелден елімізге кіргізуге болмайтын тауарлар тізіміне қол қойды.

Құқықтық акт мемлекеттік тапсырысқа қатысты заң бойынша және елдің ішкі саудасын қауіпсіздікте сақтау мен экономиканы дамыту мақсатында жасалған. 

"Мемлекеттік тапсырысты алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмеген тауарларды қоспағанда, шет елдерден келетін тауарлардың ұлттық режимінен босатуды белгілеу керек», - делінген құжатта.

Бұл ретте «CT-KZ» түріндегі мемлекеттік сертификаты бар болатын болса, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына саудаға қатысуға рұқсат етіледі.

Бұл тізімге адамдарды тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және басқа да автомобильдер (автобустардар, тролейбустардан басқа), жүк-жолаушылар фургондары мен жарыс вагондары, электр трансформаторлары, индукторлар және тұндырғыштар, оқшауланған сымдар, кабельдер және басқа оқшауланған электр өткізгіштер, соның ішінде талшықты оптика кіргізілген.

Қаулыға қол қойылған уақыттан бастап күшіне еніп, 2 жыл бойы жарамды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр