Шетелдіктер латын қарпінде жазылған Абай өлеңдерін жарыса оқып жатыр (видео)
Алматылық Дәурен Куреев кезекті Broadcast Qazaqstan видеоблогында шетелдіктердің Абай Құнанбаевтың латын қарпінде жазылған өлеңдерін қалай оқитынын жариялады. Ол тәжірибе үшін әлемнің түкпір-түкпірінде тұрып жатқан адамдарды таңдаған, – деп хабарлайды Stan.kz.
Аталған бағдарламаға қатысуға ниегриялық Уильям, Филиппиндік Марко, қытайлық Джунгуа және америкалық Марк келісім берген. Қатысушыларға Абайдың «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңін оқу тапсырылған. Видеоблогердің сөзінше, бағдарламаға қатысқан шетелдіктер ақынның аталған өлеңін алғаш естіген және бұрын оқып көрмеген екен.
«Кириллицаны бұрыннан қолданып келеміз. Латын қарпіне көшу туралы шешім қоғамды елең еткізді. Біз Президентіміздің басты тезисі, яғни шетелдіктерге қазақ тілін үйрену, мәдениетімізді тану және бүкіл әлемнің қазақ тілінде сөйлейтіні жөніндегі ойын тексеріп көруді ұйғардық. Бұл жерде қатысушыларға қазақ өлеңін оқу қаншалықты оңай болатынын тексердік», – дейді Куреев.
Талқылау