Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Шетелдікке күйеуге тимеді": Жан Ахмадиев отбасылы еркектен жүкті болған әпкесін айтып, дауға қалды

Фото: Жеке парақшадан алынды

Танымал белсенді, блогер рэп орындаушы Жан Ахмадиев отбасылы еркектен екіқабат болған әпкесін мақтаймын деп сынның астында қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі жұлдызы қазақ қыздарының шетелдіктерге тұрмысқа шығуына қатысты Qazaq Airan арнасына пікірі білдірген еді. 

"Менің әпкеме шетелдіктер тұрмыс құруға ұсыныс жасаған. Ол шетелдікке күйеуге тимеді. Бірақ отбасы бар қазақ жігіттен екіқабат болып, қазақ қыз туды. Ол қыз қазақ болып қалады. Көрдіңіз ғой, қандай намыс, біздің қазақтың қанын былғағысы келмеді. Әйтпесе шетелдікке шығып, мүмкін бақытты болып кетер ме еді. Шетелдіктерге намысы жоқ қыздар тиіп жатыр деп ойлаймын. Бастысы қазақ қой. Өйткені шетелге тиген қыздың баласы ешқашан қазақ болмайды ", –деді рэпер.



Желі қолданушылары блогердің пікірін сынға алды. 

"Қашаннан бері отбасылы еркектен бала туу абырой болған”, “Отбасылы еркектен бала тапқаны үшін мақтану қашан "ел намысы" деген ұғымның категориясына кіріп кеткен, соны айтыңдаршы?", "Әпкесін ыңғайсыз жағдайға қалдырды", "Оның сөзі бар қазаққа үлгі не мысал емес қой", – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, африкалық азаматқа тұрмысқа шыққан атыраулық қыз жан сырын ақтарған еді. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 22 Сәуір, 2025 16:22
Талқылау