Шетелдік журналистер Реал – Қайрат матчы өтетін орталық стадионның жағдайын сынға алды
Видеодан скриншот
Шетелдік журналистер "Қайрат" – "Реал" матчы өтетін орталық стадионды сынап тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Испаниялық тілші Орталық стадионды "шағын әрі ескі, коммунистик стильде салынған" деп сипаттады. Сондай-ақ ол жүгіру жолын "социалистік дәуірге тән элемент" деп атады. Оның үстіне, ашық стадион ойын атмосферасына кері әсер етуі мүмкін дейді тілші.
"Стадион ашық, ертең ойын кезінде ауа райы салқын, тіпті жаңбырлы болуы мүмкін. Бұл жағдайда жаңбырдан пана таба алмаймыз", – деді журналист.
Ал тағы бір журналист стадион дәретханасын сынға алып, санитарлық аймақтың жағдайы көңіл көншітпейтінін жеткізді. Жергілікті әкімдік бұл жағдайға лезде жауап берді. Олар желіде дәретхананың таза әрі жөнделген сәті түсірілген фотоларын ұсынды.
Фото: Алматы әкімдігі
Ал шетелдік журналист шағымданған әжетхана баспасөз орталығында орналасқан болып шықты.

"Студенттердің шәкіртақысында несі бар": Қазақстандықтар шетелде оқитын жастарға салық төлету туралы ережені сынға алды
