Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелдік жігітке еріп Түркияға кеткен павлодарлық қыз елге қайта алмай жүр

Шетелдік жігітке тұрмысқа шыққан павлодарлық қыз Түркиядан елге қайта алмай жүр. Ол бір жасар қызымен бірге күні бойы қонақ үйде отырады.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Виктория Мозговая қызымен бірге жарты жылдан бері Түркиядан шыға алмай отыр. Бұрынғы күйеуі қызының әкесі ретінде шағым түсіріп, оның елден шығуына кедергі келтіруде.

Ауырып қалған қызы Қазақстан азаматы болғандықтан Түркия дәрігерлеріне көріне алмайды.

Қазқстан дипломаттары олардың елге қайтуына көмектесіп жатыр.

«Біз – Қазқстан азаматымыз. Бала Қазақстанда туылды, туу туралы куәлік те сонан алынды. Куәлікте әкесінің есімі жазылмаған. Себебі ол бала туылғанда да куәлік табыстау кезінде де болған жоқ. Бірақ, ол баланың әкесі ретінде тануға шағым түсіріп қойды. Сот медициналық сараптама тағайындады. Мен баланың анасы ретінде сараптама жасауға қарсы болдым. Сот оны баланың әкесі деп таныса, менің рұқсатымсыз баланың азаматтығы аусыды. Олай болса, бала Қазақстан азаматтығынан айырылады. Онда екі азаматтық алуға рұқсат жоқ», – дейді ҚР азаматы Викория Мозговая.

Қазақстан дипломаттары Түркия сотына баланы елден шығаруға рұқсат беруін сұрауда. Қазір олар жауабын күтіп отыр.

Тағы оқыңыз:

Назарбаев даңғылынан екі тал кескен адам орнына жиырма ағаш отырғызады

Білім және ғылым вице-министрі қанша жалақы алатынын айтты

Бұрынғы әріптестері жаңа министр Мәдина Әбілқасымованың қандай екенін айтып берді

Мәдениет министрлігі Алматыдағы Әуезов театрына жаңа басшы тағайындады

 

Талқылау