Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелдік көліктерді заңдастыру: Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді

Қазақстанда шетелдік нөмірлі көліктерді заңдастыруға құжат қабылдайтын Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

спец цон

Енді олар дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Осы кестеге сәйкес орталықтар келушілерді 2023 жылдың 6 ақпанына дейін қабылдайды. Өзгерістер болып жатса, кейінірек толық хабарланады.



Көлікті заңдастыру үшін келген азаматтарды қабылдайтын Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайларын мына жерден көре аласыздар.

Шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Талқылау