Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелдік көлік қандай жағдайда айыппұл тұрағына қойылады – Министрлік айтты

Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Қазақстан азаматы мінген шетелдік көлік қай кезде айыппұл тұрағына қойылатынын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру шаралары аяқталды. Ал 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген көліктерге ешқандай жеңілдік жасалмайды.

"Бұдан былай ел аумағында шетелдік автокөліктерді заңсыз әкелу мен пайдаланудың жолдарын болдырмау үшін шаралар қабылданады. Мәселен, осы жылдың 12 қаңтарынан бастап заңнамалық өзгерістерге сәйкес, Қазақстан азаматтары шетелдік автокөліктеріне автосақтандыру шартын жасай алмайды", - деді Сұлтанбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ал сақтандыру полисі жоқ көлікті тізгіндегені үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

"Сондай-ақ, аталған жағдайларда полиция қызметкерлері автокөліктерді ұстап, оларды арнайы автотұрақтарға жеткізуге құқылы. Қазіргі уақытта ішкі істер министрлігі халық арасында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуде", - деп атап көрсетті комитет басшысы.

Талқылау