Шетелдік ғалым Марстан түкті маймыл-өрмекшіні байқап қалған (фото)
Ғалымдардың бірі Марста түсірілген жазбаларды көріп отырып “түкті маймыл-өрмекшіні” байқап қалғанын айтқан. Ал UFO аталған жазбаларды Curiosity Марста түсіргенін тілге тиек етті.
Бұл туралы Тһе Daily Mail басылымы хабарлайды.
Видеолардан төрт аяқты “түкті маймыл-өрмекшіні” байқауға болады. Алайда оның Марстағы тау-тастың үйіндісі болуы да ғажап емес. Енді ғалымдар бірі Марста тіршіліктің бар екенін дәлелдегенін айтып жатыр. Ғалымдардың аталған планетаға деген қызығушылықтары арта түсіп, олар 2012 жылдан бастап түсірілген жазбалардың барлығын қарап шықты.
Соңғы 6 жыл ішінде НАСА құрылғысы Марстағы түрлі таңғажайыптың куәсі болды. “Мен Марста бөгде төрт тіршілік иесін байқап қалдым. Олар түкті маймылға ұқсайды. Оның иығының көлемі айтарлықтай ұзын. Суретке жарық түсіру арқылы екі көзін байқауыңызға болады”, – дейді Уоринг.
Оның айтуынша, НАСА Марста тіршіліктің барын қоғамнан жасырып келеді. Марста зерттеуші ғалымдардың көбісі аталған ғаламшарда соғыс болғанын айтады. Бұл соғыс патшаның басын алған соң ғана тоқтаған екен. Мұнымен қатар, Уоринг әлем халықтарын америкалық зерттеулерге тәуелді болмауға шақырды.
“Біз жауапкершілікті толықтай өз мойнымызға аламыз. Осы уақытқа дейін Марста тіршіліктің бар екенін 1 000 рет дәлелдедік. Америкалықтар бұл ұлттық қауіпсіздіктеріне қауіп төндіретіндіктен, Марста тіршіліктің бар екендігі туралы жаңалықты жасырып отыр”, – дейді ол.
Жіберіп алмаңыз:
Бір топ жігіт Ақшақар болып киінген қызтекені сабап тастады (видео)
Дәрігерлер өлімге қиған әйел қатерлі ісіктен 6 апта ішінде жазылған (фото)
“Шымбұлақ” құлап кетті делінген кабинканы қалай түсіндірді
Екі жасар бала шкафтың астында қалып кеткен егізін құтқарып қалды (видео)