Шетелдік БАҚ Жәнібек Әлімханұлына Головкиннің ізбасары деген баға берді
OASport.it порталы қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлының перспективасына баға берді.
«23 жасына дейін ол әуесқойлар арасында Әлем және Азия чемпионы атағын жеңіп алды. Головкиннің ізбасары болуы әбден мүмкін осы боксшы соңғы кездесуінде тәжірибелі колумбиялық Нуньесті нокутпен жеңді. Генадий де оны 2010 жылы осылай жеңген болатын», – деп жазады Sports.kz интернет басылымға сілтемемен.
Еске сала кетейік, 29 қазан күні Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста алғаш рет шаршы алаңға шығып, қарсыласын бірінші раундта сұлатып салды. Кештің негізгі кездесуі Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің арасында болды. Жерлесіміз бұл жолы өзінің кәсіпқой бокстағы 22-ші жеңісіне қол жеткізіп, бірінші орта салмақтағы WBA Fedelatin және WBO Intercontinental белдіктерін еншіледі.
Жіберіп алмаңыз:
Допинг дауына іліккен спортшыларға қатысты министрлік мәлімдеме жасады
Қанат Ислам мықты қарсыласы Аллотейді жеңіп кәсіби рингтегі 22-жеңісіне жетті (видео)
Жанқош Тұраров кешегі өзіне сес көрсеткен қарсыласын нокаутқа түсіріп 20-жеңісіне жетті (видео)