Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шетелдік азамат өзіне ессіз ғашық болған павлодарлықты миллион теңгеге алдап кетті

Шетелдік азамат өзіне ғашық болған павлодарлық әйелді миллион теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі аталған өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап. 

ғашықтар

Полициядағылар 57 жастағы әйелдің шетелдік азаматпен әлеуметтік желі арқылы танысқанын айтты. Ер адам өзін АҚШ азаматымын деп таныстырып, Кабулда жұмыс істейтінін айтқан. Жұп белсенді түрде хат алмаса бастайды. Араға біраз уақыт салып әйелдің басын айналдырып алған соң, шетелдік Павлодарға оны көру үшін келгісі келетінін айтады. 

«Павлодар тұрғынының айтуынша, шетелдік заттарын жинап, барлығын Қазақстанға қарай салып жіберген. Алайда ер азаматта ақша жоқ болғандықтан, әйелден жүк үшін 2 550 долларды төлеуді сұраған. Бей-қамсыз әйел ойланбастан несие алып, ақшаны курьер-агент арқылы салып жібереді», - деді өңірдің ПД баспасөз қызметіндегілер. 

Шетелдік азамат ақшаны алғаннан кейін жүгінің тағы бір жерде тұрып қалғанын айтады. Осы орайда павлодарлықтан тағы ақша сұрайды. Алайда бұл жолы бұрынғысынан да көбірек.

«Сүйіктісінде басқа ақша жоғын білген шетелдік із-түссіз ғайып болған. Әйел адам алаяқтың құрбаны болғанын сол сәтте ғана түсінген. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - деді полициядағылар. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтанда бірнеше әйелдің альфонсқа алданып, оған несие алып бергені туралы хабарлаған едік. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр