Шетелдік әйел елорда тұрғынының пәтерінен 20 миллион теңге болатын бағалы заттарды ұрлап кеткен
Нұр-Сұлтан полициясы Өзбекстанның 28 жастағы азаматын 20 миллион теңге (50 мың долларға жуық) көлемінде зергерлік бұйымдар мен бренд киімдерді ұрлады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz порталының жазуынша, полиция қыздың заттар алып кеткен пәтеріне қожайынның шақыруы бойынша бірнеше рет келгенін анықтады.
"Ер адамның сенімін пайдаланып, ол зергерлік бұйымдар мен қымбат киім алып кеткен. Келтірілген шығын 20 миллион теңгені құрады. Ұрланған әшекейлердің арасында қымбат швейцариялық қол сағаттар, зергерлік бұйымдар, киім және тағы басқалар бар", - деді Нұр-Сұлтанның полиция департаменті.
Әйел қылмысын мойындаған. Қазір ол уақытша тергеу изоляторында.
Полиция Қылмыстық кодекстің 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Осы бап бойынша қылмыс бір мың АЕК немесе 2,7 миллион теңге (6,8 мың доллар) айыппұл түрінде жазаны қарастырады. Ең жоғарғы жаза - үш жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері елорда аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға әйелдің қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.
Нұр-Сұлтанның полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарды пәтерге кіргізбеуді және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды ұсынады