Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Шетелдік агенттер, шығыңдар”: Бағила Балтабаева "Феминита” ұйымының шарасына баса-көктеп кірген

ЛГБТ қауымдастығына қарсы көзқарасымен танылған Қазақстан ата-аналар одағының төрайымы Бағила Балтабаева мен оның жақтастары "Феминита” ұйымының адам құқықтары мектебін өткізіп жатқан қонақүйге баса-көктеп кірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Дәл сол сәтте ғимарат ішінде ғашықтарға арналған шай кеші өтіп жатқан болатын.

"Олар қатты музыка қосып, балағат сөздер айтып, есікті сындырды, бізге "Шетелдік агенттер, шығыңдар" деп айқайлады. Жанар Секербаева дене жарақатын алды", – деп хабарлады “Феминита” ұйымының мүшесі.


"Жастарды бұзып жатыр": Депутат USAID агенттігі Қазақстанда ЛГБТ ұйымдарын қаржыландыратынын айтып, шағым білдірді


Желіде тараған видеода әлдекімнің қатты музыка қосып, ғимараттың есігін сындырмақ болғанын байқауға болады. Алайда полиция есікті “Феминита” ұйымының мүшелері сындырғанын алға тарқан көрінеді.

Ақпаратқа сәйкес, жақында ғана ота жасалған бір қыз өзін нашар сезініп, жедел жәрдем шақырылған. Бірақ оны ғимараттан шығармай қойған. Оқиға орнына үш полиция көлігі жедел жеткен. Қонақүй әкімшілігі мүлікке зиян келтірілгені үшін арыз жазбақ.

Бұған дейін Бағила Балғабаева "Феминита" ұйымдастырған шараларды тоқтатуға бар күшін салатынын айтқан.

Айта кетейік, осыған дейін "Феминита" ұйымының негізін қалаушыларына қатысты әкімшілік іс қозғалғаны туралы айтқанбыз.

Талқылау