Шетелден келген қазақстандықтар ПТР тестілеуден өтуі үшін қанша қаржы жұмсалды: Министрлік айтты

Қазақстанға келетін жолаушыларға арналған ПТР анализдеріне 34 миллион теңге жұмсалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгінде 3051 адам шетелден ПТР тестінсіз келіп, тексеруден өткен. Бұл сынақтардың құны шамамен 34 миллион теңгені құрады. Бастапқыда тестілеу нәтижесінсіз келетін адамар 30-70 пайызды құраса, қазір 30 пайыз адам сертификатсыз ұшып келді", - деді еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов ОКҚ онлайн брифингінде.

Оның айтуынша, бүгінде ПТР тестілеуін шетелден жасатып келетіндер қатары көбейген.

"Бүгінгі шетелден келгендердің 80 пайызына дейін және біздің авиакомпаниялар арқылы келетін азаматтардың қолында ПТР тестілеуінің нәтижелері бар. Менің ойымша, бұл көрсеткіш әлдеқайда көбейген. Өйткені адамдарға тест нәтижелерімен келу әлдеқайда ыңғайлырақ", - деп қорытындылады Қиясов.

Еске салсақ, Қазақстанда ПТР тестілеудің бағасы бір айдың ішінде арзандайды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр