Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелден қаржыны қайтару үшін елімізде 5 жұмыс тобы құрылды

Үкіметте капиталды шетелден елге қайтару механизмін әзірлеу бойынша ұсыныстар талқыланып, атқарылған жұмыстары туралы айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

министр

Премьер-министр Әлихан Смайылов капиталды шетелден елге қайтару және елімізден қаражат шығарылуына қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды күшейту жөнінде кеңес өткізді.

"Премьер-министр тапсырмасымен комиссия және оның аясында бес жұмыс тобы құрылды. Жұмыс топтары ақшалай қаражаттың жылыстауы бойынша талдау жүргізіп, капиталды шетелден елге қайтаруды ынталандыру, шектеу шараларын енгізу, шығарылған капиталды қайтару шараларын қабылдау бойынша тиісті ұсыныстарды әзірлейді", – делінген хабарламада.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде валютаны бақылаудың кейбір функциялары жөнінде ұсыныстар талқыланды. Ынталандыру шараларының бірі - валюта түсімнің 80% айырбас жасалған жағдайда, қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларын оңайлатылған тәртіппен өтеу.

"Трансферттік баға белгілеу туралы" ҚР Заңын жетілдіруге бағытталған нормалар әзірленді. Одан бөлек, капиталды елге қайтаруды ынталандыру, сондай-ақ капиталды елден шығаруда салықтық әкімшілендіруді күшейту бойынша да шаралар пысықталып жатыр. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша ұсыныстар Мемлекет басшысының атына жолданатыны айтылды.

Назархан Уән
Сейсенбі, 05 Сәуір, 2022 10:43
Талқылау