Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кореяда ота жасатып, Шардараға оралған Мәдина бүгінгі жағдайы туралы айтты

Отқа оранған көлік ішінде қалып бет-әлпеті мен денесін күйік шалған Мәдина Сәдуова осыдан тура бір ай бұрын пластикалық ота жасату үшін Оңтүстік Корея еліне аттанған болатын. Шетелдік дәрігерлердің үмітті қаншалықты ақтағаны туралы Мәдинаның өзі айтып берді.

Сурет: YouTube

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бұрын Мәдина үшін күлу де, мойнын ары-бері бұру да мұң болатын. Ал қазір емін-еркін қозғалта алмаса да, икемге келетініне риза. Осыдан бір ай бұрын үмітін арқалап Кореяға аттанған Мәдинаның бүгінде алғашқы отасы сәтті аяқталып, елге оралды. Оңтүстік кореялық дәрігерлер алдымен бойжеткеннің  мойнына пластикалық ота жасапты. Себебі, осыған дейін бірнеше рет мойнына жамалған тері уақыт өте келе тартылып, тіпті соның салдарынан басын көтере алмай қалуы мүмкін деп қауіптенген дәрігерлер.

“Операциялардың ішінде бет, көз, мұрын, ауызды формасына келтіру кезінде ең қиыны осы мойын деп айтқан. Аудармашы солай аударды. Мойыным жазылғанша осылай байлап жүремін. Екі айда жазылып кетуі мүмкін. Одан кейін қатты қалып керек. Жасағанның формасын сақтап тұру үшін. Соны күніне 20 сағат тағып жүремін”, – дейді Мәдина Сәдуова.

Отаның күрделі болғаны соншалықты бес сағатқа созылған. Кейін денсаулығы сыр беріп, оның үстіне наркозды шамадан тыс алған Мәдинаға дәрігерлер бет-әлпетін қалпына келтіру үшін жасалатын отаны кейінге қалдыруды айтыпты. Бірақ, араға алты ай  салып бойжеткен қайтадан пышаққа түспек.

“Егерде денесінде терілері сау терілері толық болғанда қазірде бір ретте бәрі бітуші еді. Әзірге бетінің терісін алу үшін бір, екі жерден алу керек. Ал толық денесіне операция жасайтындай Мәдинада артық тері жоқ”, – дейді Жайнар Мұқатайқызы.

Тағдыр тәлкегіне түскен Мәдина «ендігі арманы ел қатарлы жұмыс істеп, өз күшіммен аяққа тұру» дейді.


Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде тағы бір мәйіттік донор отасы жасалды

Астана мектептерінде жаппай робототеxника оқытыла бастады

Шымкентте бойжеткенді ішінен ұрып құлатқан полицейге қатысты қызметтік тексеріс басталды

Павлодарда жағдайы жоқ студенттер бюджет есебінен оқытылмақ

Талқылау