Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның шетелде кадр даярлауға бөлінген ақшасы тиімсіз пайдаланылып, ұрланып жатыр – Депутат

Сенатор Андрей Лукин Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында  түлектерді шетелге оқытуға бөлінген ақшаның тиімсіз пайдаланып жатқанын жеткізді. Айтуынша, бюджеттің ақшасына шетелге оқуға кеткен студенттердің көбісі елге оралу талаптарын үнемі бұзады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.   

Сурет ҚР парламент сенатының ресми порталынан

Депутат халықаралық бағдарламалар орталығының жұмысындағы жағымсыз жәйттерге тоқталды. Ол ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан тиісті үйлестірудің болмауынан шетелде кадрларды даярлауға бөлінген қаражаттың тиімсіз пайдаланылып, тіпті ұрланатынын атап өтті. Айтуынша, бұл бюджеттің негізсіз шығындарына әкеп соғуда.

"Стипендиаттардың еңбек етуі мен оларды оқытуға жұмсалған бюджет қаржысын өтеуге мониторинг жүргізетін тиімді тетік жоқ. "Болашақ" түлектері халықаралық Болашақ стипендиясын тағайындауға арналған үміткерлерді іріктеу қағидаларына сәйкес Қазақстанға оралу және мамандығы бойынша үздіксіз еңбек ету туралы талаптарды ылғи да бұзып келеді. Осындай мың дерек белгілі", – деді сенатор.



Депутат сондай-ақ белгілі жағдайларда мемлекетке қаржыны қайтару мәселесін де көтерді.  Тіпті мемлекетке 6,6 млрд теңге көлеміндегі берешек туралы статистиканы да келтіріп өтті.

"Жоғарыда аталған деректер оқытудың мақсатсыз бағыттарын көрсетеді. Шетелде алған мамандық пайдаланылмайды, жоба жекелеген жағдайларда эмиграция құралына айналуда. 270 түлек шетелде қалды. Жоба сонымен қатар оқу туризміне айналды. Орталық іс жүзінде еңбек нарығының нақты қажетіне сәйкес шетелде мамандар даярлауды ұйымдастыру деңгейінің төмендігін көрсетіп отыр. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың болмауы, салалық министрлік тарапынан тиісті үйлестірудің жоқтығы осындай жағдайға апарып соқтырады", –деп қосты Лукин.

Талқылау