Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетел азаматы Қазақстанда жаңа туған сәбиін сатпақ болған

Шетелдік азамат Қазақстанда жаңа туған сәбиін сатпақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

баласын сатпак болган

Алматы облысының полиция департаментінің дерегінше, 22 қарашада Алматы облысы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Stop Traffic" профилактикалық іс-шарасы барысында Қарасай ауданында көрші республиканың 24 жастағы тумасын ұстаған. Әйелдің жүктілігі жеті айлық кезінде құрсақтағы баласын сату туралы хабарландыруды әлеуметтік желіге жариялағаны анықталды.



“Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 1-бөлігі бойынша Қарасай аудандық әкімдігінде тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптамалар тағайындалып, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде”, – деді облыстық полиция басқармасының бастығы Бауыржан Әленов.

Ұсталған азамат заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді, деп қосты полиция.

Талқылау