Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шет елде қанғып қалдық": Атырауда туристік агенттік клиенттерді сан соқтырып кетті

Туристік агентікке алдандық деген атыраулық тұрғындар туристік фирма басшылары соттан жеңіл жазамен құтылып кете ме деп қорқады. Жиырма отбасы "Эйртур" агенттігінен ақшамызды екі жылдан бері қайтара алмай жүрміз деп шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Атыраулық Ольга Соболева осыдан екі жыл бұрын "Эйртур" туристік фирмасы арқылы отбасымен Түркия еліне демалысқа барған. Қонақ үйге жайғаспақшы болғанда ғана агенттіктің төлем жасамағанын біледі. Ал тур фирма өкілдері мәселені "дереу шешеміз" деген соң жанұя амалсыз бес күнге шотты өз қалталарынан төлепті.

"Отбасымызден шет елде қанғып қалдық. Біздің барып-келу жолымыз төленген, бірақ қонақ үйдің қаражатын аудармаған. Амалсыз өзіміз төледік. Аз ақша емес, 1 миллион 300 мың теңгеден астам. Біз елге келгенімізде туристік агенттік жабылып қалыпты", - дейді Ольга Собалева. 

Дәл осы кезде, яғни 2019 жылдың тамызында агенттік жабылып, біраз атыраулықтың алданғаны белгілі болады. Осы уақыттан бері 30 миллион теңгеге жуық қаржыларын талап еткен жиырмаға жуық отбасы сотта сенделіп жүр. Зардап шеккендердің сөзінше, бәрі турлардың тым арзан бағаға сатылғанына алданған. Дей тұрғанмен оның өзі аз ақша емес, әр жанұя демалыс үшін бір жарым миллион теңгеден 3 миллион теңге дейін төлепті. Заңды өкілдерінің сөзінше жәбірленушілер сағызша созылған сот процесінен күмәнданады.

"Жәбірленушілер саны 20 отбасы 50-52 адам санын құрайды. Олар ақшаларын қайтаруды сұрайды. Жәбіренушілердің барлығы наразы, сотқа сенімсіздік білдіріп отыр. Әділетті сот шешімін шығарып ақшаларын қайтаруды сұрайды", - дейді заңгер Альбина Дәулетова. 

Қазір "Эйртур" агенттігі жұмысын толық тоқтатқан. Жәбірленушілердің айтуынша, айыпталушы алғашында тергеу изоляторына қамалған. Кейін денсаулығына байланысты үй қамаққа шыққан екен. Бірақ айыпталушының өзімен де, заңды өкілімен де байланысу мүмкін болмады. Ал соттың баспасөз қызметі үкім шықпай сұхбат бере алмаймыз деді.

Талқылау