Шешенстанның халық әртісі қазақша ән шырқап, елді тәнті етті (видео)
Шешенстанның Халық әртісі Элина Муртазова қазақша ән шырқап, елді тәнті етті. Ол қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың әйгілі "Ана туралы жыр" әнін орындап, видеоның кавер нұсқасын YouTube-қа жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.
Видеоның түсіктемесінде:
"Ана... Әлемнің барлық тілдерінде ғажап естілетін сөз. Шешенстан Республикасының Халық әртісі Элина Муртазова барша аналарға арнап осы бір жантебірентерлік, әсерлі әнді қазақ тілінде орындады", – деп жазылған.
Сондай-ақ онда екі халықтың арасын ұзақ уақыт бойы бауырлық, достық қарым-қатынас байланыстырып тұрғаны атап өтілген.
"Хайп шығар деп ойладым": Сәкен Майғазиев AZ мен Ерке Есмаханға бақыт тіледі
"Ата-бабаларымыздың тарихы мен бастан өткерген қиыншылықтары бізді біріктіреді. Шешен халқы ауыр күндерді бастан кешкенде Қазақстан көмек қолын созды", – деп жазған автор.
Элина Муртазова үшін Қазақстан екінші Отаны іспетті. Әнші бір кездері біздің елде тұрған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”