Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шешенстандық жігіт Қадыровты сынағаны үшін телебағдарламада бір сағат жылап кешірім сұрады

Шешенстанның «Грозный» мемлекеттік телеарнасы эфирде республика басшылығы туралы сыни пікірлер жазған ғаламтор қолданушысы туралы бағдарлама көрсетті. 

Шешенстандық жігіт Қадыровты сынағаны үшін телебағдарламада бір сағат жылап, кешірім сұрады

Сюжетте желіде «діни және саяси сауатты» қолданушының «жалған идеологияны насихаттауы» бар жазбалардың үнемі жарияланып келгені айтылады. Оны иесі 16 жасар Магомед Ахматов екендігі айтылады. Көзіне жас алған жасөспірім кешірім сұрады. Содан кейін оның желідегі пікірлерінің үзінділері экранда көрсетілді.

«Мен де сізден миллиардтарды ұрлап, кейін 50 пәтер бере аламын. Иә, мен өте жомартпын», - деп жазды жас жігіт Шешенстан билігінің әрекеттерін сынға ала отырып.

Жауап ретінде оған қаражаттың ұрланбағаны, еңбекпен табылғаны айтылды. Бұған жасөспірім: «Сіз мұны исламның батыры, Путиннің жаяу әскеріне айтыңыз», - деп жазды.

Шешенстанның мүфтиі Салах Межиев жасөспіріммен сөйлесті. Ол пікірлері жазылған папканы сақтап, Ахматовтың әрекетін әшкере қылды. Жасөспірім өзінің «интернет насихаттың құрбаны» болғанын түсіндіріп, шындыққа жанаспайтын жайттарды жазғанын мойындады.

Қадыровтың көмекшісі, Грозныйдың директоры Ахмед Дудаев жас жігітпен және оның туыстарымен де камера алдында сөйлесті. Оның айтуынша, баланың іс-әрекетінің артында бүкіл ұйымдар тұр.

Бұл туралы ресми кездесулерінің бірінде Рамзан Қадыров та айтты. Республика басшысы Ахматовтың өзін «кәпір (имансыз)» және «жолдан таюшы» деп атағанын айтты.

«Баланы ұстады. Инстаграмнан таппаймыз деп ойлаған. Тексеру нәтижесі бойынша, отбасының тұрмысы нашар екенін, әкесі жоқ, бақытсыз анасы бар екенін айтты», - деді Шешенстан басшысы.

Сюжетте жасөспірімді не күтіп тұрғаны көрсетілмеген.

Ахматов Кадыровты сынағаны үшін кешірім сұрағандардың ең жасы. Бұған дейін республика тұрғындары, блогерлер мен депутаттар Шешенстан басшысын сынағаны үшін кешірім сұраған.

Талқылау