Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шешенстандағы шенеуніктің ұлы жұртқа уыстап ақша шашты (видео)

Шешен блогер Alfredo Auditore (БАҚ өкілдерінің деректерінше, шын есімі Мухаммед Носаев)  Волгоград қаласындағы сауда орталықтарының бірінде 200 мың рубльді (шамамен 1 млн 200 мың теңге) жұрт арасына лақтырып жіберді. Шешен Республикасының басшылығы мәселенің басын ашып алуға бекінді. Аудиторе, Рамзан Қадыровтың Волгоград қаласындағы шешен өкілдігінің орынбасарының ұлы болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

«Мені жақсы көремін деп айтыңдар»

Оқиға 6 қаңтар орын алған. Инстаграм парақшасында 3,9 млн оқырманы бар Alfredo Auditore алдын-ала жарияланған акция бойынша Волгоград қаласының сауда орталықтарының бірінде оқырмандарының алдына шықты. Жергілікті БАҚ өкілдерінің пайымдауынша, орталыққа жүздеген адам келген, басым бөлігі жасөспірімдер.

Волгоградтық V1 басылымының тілшісінің айтуынша, «ақша көкке ұшқанда, жерде кішігірім қыспақ басталды: волгоградтықтар 500-1000 рубльді алу үшін бір-бірін итере бастады». Блогерді бұл көрініс қуанта қоймады, жиналған жастарға: «Енді ақша шашпаймын. Итерісудің қажеті не, әсіресе қыздарды. Сендер өздерің-ақ ақша тауып, оны далада шашып жүре аласыңдар. Бір жарым жыл бұрын Волгоградта болғанда, анамнан сэндвич үшін  50 рубль салып жіберуін сұрайтынмын. Ал енді, мені жақсы көретіндеріңді айтыңдар!»

Болып жатқан жәйтті полиция бақылап тұрды, алайда бұл іске араласқан жоқ. Кейінірек ІСМ ешқандай заң бұзушылық болмағандығын мәлімдеді.

«Бұл тиын-тебен...»

Alfredo Auditore-ның Шешен Республикасының басшысы Рамзан Қадыровтың Волгоград облысындағы өкілдіктің орынбасарының ұлы екені тез арада анықталды. Блогердің әкесі Тамерлан Носов РИА Новости-мен болған сұхбатында ұлының бұл қылығын адамдарға жақсылық жасап, сыйлық алу үшін ақша шашқандығын айтты. Ұлының бұл қылығын әкесі жаман деп санамайды.
Керісінше, Baza басылымына берген түсініктемесінде ол: «Ұлым не жамандық жасады? Өздеріңіз ақылға салып көріңіздерші. Ол біреуді жамандады ма? Кемсітті ме? Ал, бұл тиын-тебен...200 мың берді. Несі жаман, мен көріп тұрған жоқпын.

 Есесіне басқалар көрді. Алексей Навальныйдың серіктесі, коррупцияға қарсы фондтың қызметкері Георгий Албуров, былай жазды: «Керемет оқиға. Бұдан біз, 1) Шешен Республикасының Волгоград облысында өкілдігі бар екендігін (!) 2) өкілдіктің басшысының орынбасары бар екендігін (!!) 3) және орынбасардың ұлы үшін 200 мың-ресми тиын-тебен екен білдік.

Носаевтың сөзінше, қаражат бюджеттен емес: өкілдіктің орынбасары, қоғамдық қызметпен айналысатынын айтты, ал оның ұлы мәскеулік компаниямен қызметтес, бұл акцияға ақшаны бөлген компания.

«Журналистер барлық назарды, акцияны өкілдің орынбасарының баласы ұйымдастырғанына аудармақшы. Мен мемлекеттік штатта тұрмайтынымды және мемлекеттік қызметкер емес екенімді мәлімдеймін, сондықтан бұл айыптаулар орынсыз», - дейді Тамерлан Носаев.

Шын мәнінде, Носаев мемлекеттік қызметкер емес, алайда БАҚ-да оның есімі көптен бері (сонымен қатар Шешен Республикасының билікпен байланысы) Қадыровтың Волгоградтағы өкілдігінің орынбасары ретінде жүр, кей деректерде ол қоғаммен бірлесу үшін жауап береді делінген. Атап айтқанда, 2019 жылдың жаз айында шешендер мне казактардың арасындағы дау-дамайды шешу жолында атқарушы рөл ойнаған. Сол сәтте ол жастармен қарым-қатынастың және патриоттық сезімді тәрбиелеу мен қолдаудың қаншалықты маңызды екендігін айтқан.   


 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақ қызына ессіз ғашық болған кубалық: Сіздерден артық қонақжай халық көрмедім

Олар бастапқыда Кубада қалуды жөн көрген

Қазақстанда көпбалалы аналарға берілетін төлем көбейтілмек

Енді бала санына шектеу болмайды

Коронавирус тараған Қытайдан сәлемдеме алу қауіпті ме? Дәрігер жауап берді

Соңғы рет 54 адам көз жұмды

Қыздардың жүрегін жаулаған Ерік Хамидуллаев сүйіктісімен видеоға түсіп қалды

Жұрт оны "Джейран" тобының экс-солисі Фариза Ескермеспен қосатын

32 жыл бойы пәктігін сақтаған футболшы "Әлем аруына" үйленді

Ол христиан дінін берік ұстанады

"Денесімен мыжып кетті": Алматыда сәбиін өлтірген британиялықтың ісіне қатысты жаңа деректер шықты

Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

"Өз күнін өзі көріп жүр": Тәуекел Мүслім келіншегін жер-көкке сыйғызбай мақтады

Актер келіншегінің өзіне еш салмақ түсіргісі келмейтінін айтты

"Адайлармен ойнапты": Лас-Вегаста қазақ қызы ұрыларды жөнге салды

Ұрылар арудың телефоны мен құжаттарын алып қашқан

Батыр Жүкембаев Канадада қарсыласын 2-раундта сұлатып салды (видео)

Бұл оның 18-ші жеңісі. Осы күнге дейін бір де бір рет жеңіліп көрмеген

Ақмола облысында 15 жастағы оқушы желіде танысқан 20 жастағы жігітке бола үйден қашты

Алайда жасөспірім жігітке жасын айтуды ұмытқан
Çàãðóçêà...