Шешенстанда полицейді өлтірді деп күдіктелген ер адамның денесі жұрт алдына лақтырылды (видео)
Шешенстадна жергілікті полиция басшысын өтірді деп күдіктелген ер адамның денесі алаңға жиналған жұрт алдына лақтырылды, деп хабарлайды «Дождь» телеарнасына сілтеп Stan.kz.
3 қаңтарда Шешенстанның Шалинский ауданы Автуры ауылында ер адам жергілікті полиция басшысы Абубакар Устархановтың арқасынан оқ атып өлтірген. Белгілі болғандай, оқ атқан 27 жастағы Хамзат Баймурадов сол ауылдың тұрғыны болып шықты.
Арнайы операция барысында 4 қаңтарда Баймурадов полиция қызметкерлерімен ауыл шетінде ұсталып, қарсылық көрсеткен кезінде өлтірілген.
Желіде пайда болған видеода полицейді өлтірген Хамзат Баймурадовтың денесін Автуры ауылындағы алаңға алып келген-мыс. Видеода байқалғандай, қаруланған бірнеше адам болып жатқан оқиғаны видеоға түсіріп жүр. Полицейлер және әскери кордондардың артында тұрған ауыл тұрғындары байқалады.
«Кавказский узел» мәліметінше, Баймурадов бұрын ІІМ-де қызмет атқарған. Ал қылмыскердің отбасы туралы мәлімет жоқ.
Артынша Шешенстанның ұлттық саясат және ақпарат министрі Джамбулат Умаров аталған видеоға қатысты пікір білдіріп, шынайылығына күмән келтірді.
«Бүгінде YouTube-те, басқа да әлеуметтік желілерде Шешенстан Республикасы туралы видео көп. Мен сіздердің арналарыңызда көрсетілген видеоның үзіндісін көріп шықтым. Бұл видеоға қатысты пікір білдірмеймін. Себебі шынайылығына сенбеймін», – дейді Умаров.
Десе де Умаров Шешенстанда құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне шабуыл жасаған адамдарға деген көзқарастың бөлек екенін атап өтті.
«Шешенстанда қандай да бір себеппен адам өлтірген адам біздің қанымыз болып саналмайды. Мұсылман атын жамылып немесе түрлі ұрандармен еш себепсіз бейбіт халықты өлтіруге шыққан адам – террорист», – дейді министр.
Оның сөзінше, Шешенстанда халық мұндай адамдардың жаназасына бармайды және оларды «елден аластатылған» адам санайды екен.
Оқи отырыңыз:
Қазақстандық танымал шаңғышы тікелей эфирде шетелдік журналисті балағаттап жіберді (видео)
Атышулы 91 тобы Оңтүстік Корея астанасында өнер көрсетті (видео)
Әсел Сәдуақасова өзі туралы жаңа фильм түсіріп жатқанын айтты