Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әсел Сәдуақасова өзі туралы жаңа фильм түсіріп жатқанын айтты

Актриса Әсел Сәдуақасова жаңа фильм таспалап жатыр. Ол фильмдегі рөлі үшін имиджінде де өзгерткен екен, деп хабарлайды Stan.kz.

Актриса Әсел Сәдуақасова, имиджін өзгертіп, өзі туралы фильм түсіріп жатыр. Фильмнің түсірілім жұмыстары басталғанын актриса Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Бұған дейін актриса 2018 жылдың қаңтар айында өз өмірі туралы фильм түсіретінін айтып, жанкүйерлерін жағымды жаңалығымен қуантқан еді.

“Мектеп бітірген жылы сыныптастармен түскен осындай сурет барлықтарыңызда бар деп ойлаймын. Ал бұл менің суретім. Мұны неге айтып отыр дерсіздер? 2018 жылдың қаңтар айында жаңа “Класстастар” атты жобаны бастамақпын. Комедия жанрындағы бұл туынды 15 жылдан кейін кездескен мектеп түлектері туралы болмақ. Фильмнің актерлік құрамы нағыз бомба. Режиссер, оператор, сценарий авторы, қоюшы суретші мен продюсерден тұратын түсірілім тобы тек білікті мамандардан құралған. Қысқасы жаңалықтарды қарап отырыңыздар, жақында бәрін бүге-шүгесіне дейін айтатын боламын”, – дейді Әсел.

Айта кететін жайт, Әселдің фильмдері көбінесе өз тағдырынан алынады. Мәселен, “Замуж в 30” комедиясы әлі тұрмыс құрмаған Сәдуақасованың тағдырын баяндайтындай. Бұл жолы да солай. Себебі келер жылы Әселдің де мектеп бітіргеніне 15 жыл толады екен.

Оқи отырыңыз:

Тұрсынғали Алагөзов пен Динара Сәтжан бірігіп бизнес ашпақ

Актер Дидар Кәден ғашығымен кездесе алмай жүргенін айтты

Жанар Айжанованың қызы өз қолымен бетін бояп, анасын шошытып алды (видео)

Белгілі журналист Ұлттық арна басқарушысы Ерлан Қаринге ренішін жеткізді

Талқылау